» » Елордада ер адам әйелін атып өлтіріп, 5 жасар ұлын жарақаттады

Елордада ер адам әйелін атып өлтіріп, 5 жасар ұлын жарақаттады

Нұр-Сұлтан қаласында отбасылық жанжал атыспен аяқталды. Ер адам әйелін атып өлтіріп, 5 жасар ұлын жарақаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әйелі күйеуін жақтады: Ер адам үйіне қонаққа келген енесіне аңдаусызда оқ атып, өлтіріп алды

20 қазанда сағат 22:19-да полицияға қаланың 55 жастағы тұрғыны мен 5 жасар балаға оқ тигені туралы қоңырау түсті. 

«Анықталғандай, 59 жастағы ер адам отбасылық жанжал кезінде әйеліне оқ атып, сонымен қатар өзге некеден туған ұлын жарақаттаған. Салдарынан әйел оқ жарақатынан көз жұмды. Ал зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Ер адамның оқиға кезінде мас болғаны белгілі болды», - делінеді полиция хабарламасында.


Күдікті тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.


Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
21 қазан 2019 ж. 574 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930