» » Қазақстанда автокөліктердің "әдемі" нөмірлерін тапсырыспен дайындайтын болады

Қазақстанда автокөліктердің "әдемі" нөмірлерін тапсырыспен дайындайтын болады

«777МММ» немесе «111ССС». Қазақстандықтар осы тәрізді символдардан тұратын автокөлік нөмірлерін таңдап қана қоймай, сонымен қатар тапсырыс бере алады. ІІМ жүргізушілердің қалауына байланысты осындай шешім шығарды. Аталған өзгеріс 23 қазаннан бастап күшіне енеді.

Қазақстанда автокөліктердің

Бүгінде мұндай мемлекеттік нөмірлерді тек бар болған жағдайда ғана алуға болады. Ал 23 қазаннан бастап жүргізушілерге көлік нөмірлерін өз қалауына қарай таңдап, тапсырыс беруіне рұқсат етіледі, деп хабарлайды  «Хабар» арнасы.

«Егер сіз жоғары сұранысқа ие әріптер комбинациясын, яғни бірдей үш әріпті таңдасаңыз, сандарды өз қалауыңызға қарай таңдауға құқығыңыз бар. Бұл азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, оңтайландыру бойынша жоспарлық жұмыс болып отыр», - дейді ІІМ-нің әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Юрий Козлов. 

ІІМ-дегілердің сөзінше, әріптер комбинациясын таңдау еркі берілгенімен, бейәдеп сөздердің құрастырылуына жол берілмейді. 

Сонымен қатар «әдемі» нөмірлердің бағасы да өспейді, дейді. Оған қоса, көлікті сатқан жағдайда, иесі тіркеу белгісін жарты жылға дейін өзінде қалдыра алады. Яғни тіркеу белгісін сақтау мерзімі 30 күннен 6 айға дейін ұзартылған.

«Мұнда бір нәрсені түсіндіріп өтсем, егер 30 күнге дейін жаңа көлікке бұрын тіркелген мемлекеттік нөмірді қойғыңыз келсе, ол тегін беріледі. Мемлекеттік баж төлемейсіз», - дейді Юрий Козлов.
21 қазан 2019 ж. 409 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 042

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30