» » Атырау перинатарлық орталығының 28 қызметкері жұмыстан кетеді

Атырау перинатарлық орталығының 28 қызметкері жұмыстан кетеді

ÐÑÑÑÐ°Ñ Ð¿ÐµÑинаÑаÑлÑÒ Ð¾ÑÑалÑÒÑнÑÒ£ 28 ÒÑзмеÑкеÑÑ Ð¶Ò±Ð¼ÑÑÑан кеÑедÑ

Атырауда перинаталды орталықтың 28 дәрігері қызметінен кету туралы өтінішке қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Перинаталды орталықтың 31 дәрігері өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Үш адам өтініштерін кері қайтарып алды. 28 адамды жұмыстан шығару туралы бұйрыққа қол қойылды. Бірақ олар 7 қарашаға дейін жұмыс істейді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Танбаева.
Оның айтуынша, дәрігерлердің жұмыстан босатылуы перинаталды орталықтың жұмысына әсер етпеуі керек.
«Біздің облыстың гинекологиялық қызметіне көмек көрсету туралы басқа өңірлердегі әріптестерімізбен келісім бар. Қалада қазірдің өзінде мамандар жұмыс істейді. Дәрігерлердің басқа тобы келеді. Басқа шаралар қабылдануда», - дейді Гүлнафиз Танбаева.
Еске салсақ, Атырау облыстық перинаталды орталығының қызметкерлері, онда бас дәрігер мен акушер жаңа туған нәрестені аман сақтап қалмағаны үшін күдіктеліп, өздері жұмыстан босату туралы арыз жазған еді. 

stan.kz


24 қазан 2019 ж. 624 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930