» » Таразда жол апатына ұшыраған жүргізуші 2 жасар баланы көлікте тастап қашып кеткен

Таразда жол апатына ұшыраған жүргізуші 2 жасар баланы көлікте тастап қашып кеткен

ТаÑазда жүÑгÑзÑÑÑ Ð¶Ð¾Ð» апаÑÑна Ò±ÑÑÑап, 2 жаÑÐ°Ñ Ð±Ð°Ð»Ð°Ð½Ñ ÐºÓ©Ð»ÑкÑе ÑаÑÑап ÒаÑÑп кеÑкенТараз қаласында көлікті тізгіндеген ер адам жол апатына ұшырап, екі жасар баланы көліктің ішінде қалдырып, қашып кетіпті. Полиция ер адамды таба алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. Оқиға қаланың шеткі көшелерінің бірінде орын алған. «Мазда» көлігін тізгіндеген ер адам үйдің алдындағы бағанаға соғылған. Салдарынан көліктің алдыңғы жағы жапырылып қалып, бетон қисайып кетіпті. Ал апатқа ұшыраған жүргізуші екі жасар баланы көлікте қалдырып, ізін суытқан. 
Белгілі болғандай, бүлдіршінді тастап қашып кеткен ер адам оның туыс ағасы екен. Абырой болғанда, апат салдарынан бала зардап шекпеген. Дәрігерлер оны тексеріп, ата-анасына табыстады. 
Бүгінгі таңда полиция 29 жастағы жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ал көлік айып тұрағына қойылыпты.

stan.kz

25 қазан 2019 ж. 421 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 273

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031