» » Алматыда қазақ тілінің қорланғаны туралы сот отырысы орыс тілінде өтті

Алматыда қазақ тілінің қорланғаны туралы сот отырысы орыс тілінде өтті

ÐµÑ Ð°Ð´Ð°Ð¼

Қуат Ахметов арызын сауда орталығындағы тілге қатысты өрескел олқылықты көріп, 2 ай бұрын сотқа шағымданыпты. Тауар атаулары түгелдей тек орыс тілінде жазылғанын көріп, ренішін білдіріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

7 жылбойы мемлекеттік тіл мәртебесі үшін күресіп жүрмін деген азамат жақында Қостанай өңірінен Алматыға қоныс аударған. Бұған дейін түрлі деңгейдегі 16 нысан Қуаттың қазақ тіліндегі ескертпесін бірден қабылдап, жазбаларын өзгертіпті. 
«Арзан» супермаркетімен соттасу мақсатым емес еді, дейді. Оның айтуынша, «Арзан» дүкені талабын орындамай қойыпты. 
«Олар «Бастыққа айтамыз» деді. Сонымен кетіп қалды. Бір аптадан кейін келдім, өзгеріс жоқ. Қайда барсаң, онда бар дейді. Конституцияның 7-бабы, мемлекеттік тіл – қазақ тілі және тілдер заңы, тұтынушылар бабы. 
«Арзанға» қатысты істі Алатау аудандық соты қарастырып жатыр. Қазақ тіліне қатысты сот ісі орыс тілінде өтті. Себебі, шағым орыс тілінде жазылған. Қуат Ахметовтен себебін сұрағанда заң орындарының арызды орыс тілінде қабылдағанын айтты. 
Сот отырысына «Арзан» супермаркетінің өкілі де қатысты. Тіл туралы кемшіліктің барын мойындағанымен, тауар атауларын қазақша жазуға техникалық мүмкіндік жоқ дейді. 

stan.kz

26 қазан 2019 ж. 479 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930