» » Қорықшы Әділ Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды

Қорықшы Әділ Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әділ Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», -делінген Жарлық мәтінінде. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл оқиға Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 25 қазан күні түнде болған еді. Қашқан браконьердің соңына түскен инспектордың көлігі аударылып кеткен. Браконерьлер оқиға орнында ұсталды. Олардың көлігінен қару мен заңсыз атылған жабайы аңның ұшасы табылды.

www.kazinform.kz
29 қазан 2019 ж. 544 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031