Теміртау тұрғындары жол апатының көптігіне байланысты сиырды құрбандыққа шалды
Теміртау тұрғындары Қарағанды-Теміртау тас жолындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін сиырды құрбан етті.Құрбандық шалу рәсімі қаладан шыққан кезде жолдың үстінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
"Бұрын ата-бабаларымыз да құрбан шалған. Біз де қарап отыра алмадық. Қазір жол апаты көбейіп кетті. Ақша жинап, сиырды құрбандыққан шалдық. Жарты етін палау пісірдік, жарты етін мұқтаждарға таратып бердік", - дейді Берденбай Шайдоллаев.

Екі қазан палау жасап, көлік жүргізушілеріне таратты. Жол апатынан қаза болғандардың рухына құран оқыды.
Алматы-Екатеринбург республикалық жолына қарасты Автобаза құрылысы үш жылдан бері жүргізушілерге қолайсыз жағдай туғызып келеді. Мұны тұрғындар ажал жолы атап кеткен. Жыл басынан бері 7 адам көз жұмып, 8 адам зардап шекті.
Апаттың негізгі себептері - қарсы бетке өту мен жол жөндеу жұмыстары.
stan.kz







