72 ақбөкенді атып өлтіріп, артынша із суытқан: Еліміздің барлық облыстарында аңшыларды іздестірілу жүргізілуде
Қазақстанда барлық облысында құнды мүйіздері үшін 72 ақбөкен өлтірген браконьерлерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 26 қазан күні Қарағанды облысының Нұр ауданының арнайы жасағы алдымен 30, одан кейін 42 өлі жануарлардың денесін тапқан. Артынша олар сайғақтарды атқан адамдар мінген екі бірдей джип көліктерін байқап қалған екен. Алайда, сирек жануарларды заңсыз қырған аңшылар оқиға орнынан із суытып үлгерген деп хабарлайды, zhalagash-zharshysy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ақбөкендердің мүйізі медицина үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие. Оның бағасы қар нарықта шамамен 4-10 мың АҚШ долларын құрайды. Оңай олжаға көз тіккен аңшылар артық жүкті арқаламау үшін сайғақтардың денесін лақтырып кеткен. Қорғалжын қорығының инспекторлары өлі 67 ересек сайғақ пен жас 5 сайғақтың тушасын тауыпты. Айтуларынша браконьерлердің көлігі Қостанай облысына қарай бет ауған. Ескере кетейік, осы уақытқа дейін Қарағанды қаласының өзінде сайғақтарды заңсыз ату туралы 8 қылмыстық іс қозғалған.