» » 72 киікті атып өлтірген браконьерлер іздестіріліп жатыр

72 киікті атып өлтірген браконьерлер іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысымен шектесетін облыстағы полиция қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттері қойылды.

70-тен астам киік атқан күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша Қарағанды облысы ішкі істер органдарының жеке құрамына бағыттама берілді, деп жазады Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті басшылығымен күдіктілерді ұстауға байланысты білікті мамандардан жедел-іздестіру тобы құрылған болатын. Қарағанды облысымен шектесетін облыстағы полиция қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттері қойылды. Бағыттамада көрсетілген автокөліктерге ұқсас барлық көлік құралдары тексерілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 26-шы қазан күні "Охотзоопром" және Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Нұра ауданына қарасты Жанбобек ауылынан 60-шақырым жерде мүйіздері кесілген 72 киіктің тұтас еті табылғаны туралы хабарланған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Браконерлерді іздеу жұмыстары жалғасуда.

29 қазан 2019 ж. 580 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 214

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930