» » Енді қызметкері пара алса, басшысы қызметінен кетеді

Енді қызметкері пара алса, басшысы қызметінен кетеді


Kyzylorda-news.kz.
 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев алқалы жиында агенттіктің бастамалары сипатталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Президенттің қол қоюына жіберілгені мәлім болды, деп хабарлайды Zakon. кz.
Шпекбаев атап өткендей, агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бірнеше жаңа бастамаларды көтеріп, оны құжат түрінде әзірледі.
«Бірінші. Мемлекеттік орган басшылары, саяси мемлекеттік қызметшілер қол астындағылары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар болып, жауапқа тартылып жатса, онда оларға тікелей жауапты адам ретінде отставкаға кетуі керек», - деді агенттік басшысы.
Бұл ереже соттың үкімі заңды күшіне енген немесе қалпына келтірілмейтін негізде қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда қолданылады.
«Екінші. Қол астындағыларды сыбайлас жемқорлықтан сақтау үшін ескерту шараларын қолданбаған мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары басшыларының жеке тәртіптік жауапкершілігі енгізіледі. Үшіншісі. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау пунктін қалыпқа келтіру. Осы үш бастама Президенттің қол қоюына жіберілген заң жобасында көрініс тапқан», - деді Шпекбаев.
01 қараша 2019 ж. 501 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930