» » » Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Түркістан қаласында орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды,- деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуде сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев елдің кемел болашағы жастармен байланысты екенін айтты.   Ол Елбасының биылғы  "2019 жыл – Жастар жылы" деп жарияланғанын тілге тиек етті.
Мемлекеттік қызмет мектебінің мақсаты – мемлекеттік қызметке ең мықты, білімді, білікті, патриоттық сезімі жоғары жастарды тарта отырып, Агенттік тарапынан заң аясында қолдау көрсетіп, оларды мемлекеттік қызметке орналастыруға ықпал жасау. Университет Президенті Болатбек Серікбайұлы Агенттік тарапынан  студенттерді қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, оқу орны тарапынан аталған мектепке ең лайықты студенттер іріктелгенін атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер мектебінің ашылу рәсімінен кейін университет президенті мен Департамент басшысы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
http://www.syrboyi.kz
29 қазан 2018 ж. 1 177 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 841

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031