» » Бельгия соты Александр Винокуровты ақтады

Бельгия соты Александр Винокуровты ақтады

ÐелÑÐ³Ð¸Ñ ÑоÑÑ ÐлекÑÐ°Ð½Ð´Ñ ÐинокÑÑовÑÑ Ð°ÒÑадÑБельгия соты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталған «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты ақтады. Бұл туралы Винокуровтың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Винокуров Instagram желісіндегі парақшасында Бельгия сотының өзін кінәсіз деп танығаны туралы жазды.
«Бұл мәселенің нүктесі қойылып, соттың жалғыз әділ шешімді шығарғаны үшін өте қуаныштымын. Тек алға, болашаққа қараймыз! Біз биылғы жылғы ең сәтті маусымды өткіздік. Алайда алда жұмыстар мен жоспарлар көп», - деп жазды ол. 
Еске сала кетсек, бұған дейін Бельгия прокуратурасы қазақстандық және ресейлік бұрынғы велошабандоздар Александр Винокуров пен Александр Колобневты жарты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Спортшылар 2010 жылы өткен «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында келісіп алған деп айыпталды.
Нәтижесінде Бельгия соты істе айғақтар болмағандықтан, Винокуров пен Колобневты ақтады.


stan.kz
05 қараша 2019 ж. 461 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031