» » ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Бразилияны жеңіп, жартылай финалға шықты

ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Бразилияны жеңіп, жартылай финалға шықты


Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалында Бельгия құрамасы Бразилияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ресейдің Қазан қаласында өткен кездесу 2: 1 есебімен аяқталды.
Бельгиялықтар ойынның 13-ші минутында алға шықты. Бразилиялық жартылай қорғаушы Фернандиньоның бұрыштан соққан голы өз қақпасына түсті.
Сонымен қатар, Бельгия құрамасы үзіліс алдында да екінші гол соқты. 31-ші минутта бельгиялық шабуылшы Ромелу Лукакудың тепкен добын қабыл алып, айып алаңына шыққан жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйннің қашықтықтан тепкен добы бразилиялықтардың қақпасына дөп түсті.
Екінші таймда Бразилия құрамасы есепті теңестіру үшін барын салғанымен, екінші гол соғуға шамалары келмеді. Ол голдың өзін 76-минутта ойынға тыңнан қосылған жартылай қорғаушы Ренато Аугусто соққан болатын.
Соңғы минуттарда Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа да бірнеше сэйв жасап, гол соқтырған жоқ. Нәтижесінде бұл кездесу 2:1 есебімен аяқталып, бразилиялықтарды ұтқан Бельгия жартылай финалға шықты.
Жартылай финалға жолдама алған бельгиялықтар Франция құрамасымен кездеседі. Олардың арасында ойын 11 шілде күні өтеді.


http://stan.kz
09 шілде 2018 ж. 746 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031