» » АНАШЫМ, ЖҮЗІҢІЗ НЕГЕ ЖАБЫРҚАУ?

АНАШЫМ, ЖҮЗІҢІЗ НЕГЕ ЖАБЫРҚАУ?

– Әй, Сапар, үйдемісің? – деп Ерғазы есіктен кіргеннен жан ұшыра айғайлай сөйледі.
– Мынаған не болған? – деп Сапардың әйелі Нұргүл келген қонағын күтіп алуға ыңғайланды.
– Сапар, әй, Сапар, қайдасың? – деді сөзін қайталаған Ерғазы.
– Тағы да ішіп алған ба? – деді Нұргүл жақтырмай.
– Ереке, не боп қалды? – деп Сапар ішкі жақтан шықты.
– Сұмдық, сұмдық... Ерғазы бір сөзін бірнеше рет қайталады.
– Айдың күні аманында не болды енді, айтсайшы, – деді Нұргүл шыдамсызданып.
– Ба-ба - ба - қытбек, Бақытбек қайтыс болыпты, – деді Ерғазы сөзін зорға сабақтап.
Мына хабар төбеден жай түсіргендей болды.
– Қашан?
– Кеше ғана жүр еді ғой.
– Ауырмаған сап-сау сияқты еді.
Сапар мен Нұргүл аң-таң болды да қалды.
– Жол апатына түсіпті, – деді Ерғазы.
Ерғазы, Сапар, Бақытбек үшеуі – бір сыныпта оқыған құрдастар. Олардың арасында ерекше достық бар еді. Жақын бауырлар да дәл бұлай араласпайтын шығар. Бақытбектің қазасы екі досқа оңай тиген жоқ. Бір-бірін құшақтап жылап алды. Өксіктерін баса алмай ұзақ отырды.
– Бұл жерде отыра бергеніміз жарамас.
– Иә, үйіне барайық.
– Байғұс Гүлжамал бес жасар Сапа­бекпен жесір қалды-ау.
– Айтпа, оларды ойласақ өзегіміз өртенеді, – деп үшеуі Бақытбектің үйіне қарай беттеді.
Бақытбектің үйіне келсе «ой-бауырымдаған» ағайындар қатарда тұр екен. Ішкі жақтан Гүлжамалдың сай-сүйегіңді босатып, жүрегіңді елжіретер зарлы үні шығуда. Бұлар ағайынмен көрісіп болғаннан кейін Гүлжамалдың қасына барды. Ерғазы мен Сапар ұзақ тұра алмай, өксіктерін баспаған күйі сыртқа шықты. Қалай шыдасын? Іштері қан жылап тұр ғой. Оның үстіне ебіл-дебіл болып отырған Гүлжамалды көргенде екі көзден жастың орнына қан аққандай. Қасында «Анашым, жүзіңіз неге жабырқау? Жыламаңызшы» деп кішкентай Сапабек отыр. Бұл күні бүкіл аспан күркіреп, жас төккендей. Табиғаттың өзі Гүлжамалдың қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатқандай еді.

Азиз БАТЫРБЕКОВ
09 қараша 2019 ж. 1 023 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930