» » Қарағандыда өз анасын ұрып өлтіріп, денесін өрттеп жіберген күдікті ұсталды

Қарағандыда өз анасын ұрып өлтіріп, денесін өрттеп жіберген күдікті ұсталды

Қарағанды облысында  Дубовка ауылының 21 жастағы тұрғыны өз анасын өлгенше ұрып, артынша денесін өрттеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.  

Жартылай ғана өрттенген мәйітті ауыл шетінде тұратын адамдар тапқан көрінеді. Әйелді өлтірген күдіктіні полиция ұстап үлгеріпті. Ол 42 жастағы марқұмның туған баласы екендігі анықталыпты. Қазіргі таңда оның үстіне қылмыстық іс қозғалыпты. 
«Полиция қызметкерлері қылмысты істі тіркеп, тиісті медициналық сараптамалар жүргізді. Қанды қылмыстың себебі анықталу үстінде», - деді Қарағанды облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.
Сөздерінше, ұлы мен анасының арасында орын алған кикілжіңнің себебі әйелдің маскүнемдікке салынғандығы көрінеді. Бұдан басқа полиция қызметкерлері ешнәрсе тіс жарып айтпады.
«Жігіт өте ақылды, сурет салғанды ұнататын. Тәртібі жақсы, тәрбиелі бала болатын. Бұл жағдай естіп төбе шашымыз тік тұрды», - деді Қарағанды облысы Дубовка ауылдық округы әкімдігінің бас маманы Ерке Оразбаева.
Анасының мәйітін жасыруға жігіттің танысы көмектесіпті. Алдағы уақытта оған жаза қолданыла ма, жоқ па әлі белгісіз.

stan.kz

15 қараша 2019 ж. 505 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930