» » Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырып, шетелге қашып кеткен

Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырып, шетелге қашып кеткен

Зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер және қалай ала алады? Министр жауап бердіҚостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгені ұрлады деп күдіктеліп отыр. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алау» порталына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, банктердің бірінің Жітіқара ауданындағы филиалында қомақты көлемде ақша ұрлануына байланысты ҚР ҚК «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған. 
«Қылмыс жасады деген күдікке банк қызметкері ілінді. Ол өзіне сеніп тапсырылған 87 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырып, жасырынған. Тергеу анықтағандай, оо 12 қарашада шекараны кесіп өтіп, Ресей Федерациясы аумағына өткен. Қазіргі уақытта оны тұтқындауға санкция берілді. Тұтқындау бойынша шаралар қабылданып жатыр», - дейді полициядағылар.
Аталған іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.


stan.kz

15 қараша 2019 ж. 456 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930