» » Түркістан облысында 4 көлік соғылып, жол апатынан 15 адам зиян шекті

Түркістан облысында 4 көлік соғылып, жол апатынан 15 адам зиян шекті

Түркістан облысында тасжолда төрт автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәл қазір оқиға орнында Түркістан облысы полиция департаментінің жедел-тексеру тобы жұмыс істеп жатыр. Осы орайда, аталған өңірдің полициясы жүргізушілерге жол ережесін сақтауға кеңес берді. 
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты салдарынан 15 адам зиян шеккен. 
«Аудандық Қазығұрт ауруханасына 14 адам жеткізілді. Бір адам үйіне қайтарылды. Жеті адам ауыр халде, жансақтау бөліміне жеткізілді. Үш адам травматология бөлімінде. Сондай-ақ, төртеуі келіп ем қабылдауы үшін үйіне жіберілді. Облыстық аурухананың нейрохирургтері санавиациямен жеткізілді. Бір науқасқа ота жасалып жатыр, екіншісін де ота жасауға дайындауда», - деді денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

stan.kz

25 қараша 2019 ж. 422 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031