» » Жас жігіт өзін Нұрсұлтан Назарбаевтың немересімін деп қорқытып, елді бопсалап келген

Жас жігіт өзін Нұрсұлтан Назарбаевтың немересімін деп қорқытып, елді бопсалап келген

Жас жігіт өзін Нұрсұлтан Назарбаевтың немересімін деп қорқытып, елді бопсалап келген

Алаяқтық да алаяғы бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың немересімін деп, қолдан жасалған қызметтік құжатпен елді бопсалап келген жігіт ұсталды. Құжат бойынша кәдімгі жоғары қызметте отырған шенеунік.

Ал, түптеп келгенде іздеуде жүрген алаяқ болып шықты. Сонымен, полицейлер куәліктің жалған екенін қалай анықтаған? Жалпы, кез-келген құжатты түпнұсқадан айнытпай жасатудың жолы оңай ма? Оның құны қанша тұрады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 
Әуел баста «кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе өзі?» дегендей сыңай танытып, дөкейлігін қызметтік құжаты арқылы көрсетпекші болған мына жігіттің ойлағаны іске аспады. Өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған ол рөлге мас күйінде отырып, жол апатын жасағаны былай тұрсын, қолындағы құжаты жалған, ал тізгіндеген көлігі ұрланған болып шықты. Кейін анықталғандай, осыдан бірнеше жыл бұрын  полиция қызметкерінің құжатын да жасатқан екен. Бірақ ол ол ма? Елбасының немересімін деп, кезінде 15 млн теңгеге жуық қаржы да жымқырыпты.
«Әрине ол бір емес, бірнеше рет өзінің әрекетін жүзеге асырып жүрген азамат. Оған қатаң жаза берілуі тиіс. Қазіргі таңда ол қамауда. Сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді заңгер.
Бұл қаладағы жұмысы жүріп тұрған баспаханалардың бірі. Кітап, журнал, газет дегендерді шығарумен айналысады. Одан бөлек...
«Міне осыдан бір апта бұрын жалған құжат жасағысы келген бір азамат хабарласты. Бірақ біз әрине жасамадық. Өйткені бұл заңға қайшы. Біз құжаттарды қай жағдайда жасаймыз? Егер бізге оның сол қызметте жұмыс істейтінін дәлелдейтін барлық құжаттары ұсынылса», - деді менеджер Аида Шакирганова.
Иә, құжат әзірлеумен айналысса да, әйтеуір оларда барлығы заң аясында жүріп жатыр. Алайда жалған құжаттардың төресін, желідегі жарнамалардан көресің. Қызметтерін ашықтан-ашық ұсынып жатыр.
Ал құжатыңыздың бағасы қызметіңіздің қандай екеніне тікелей байланысты екен. Неғұрлым жоғары лауазымды таңдасаңыз, ақшасын да сәйкесінше көп төлейсіз. Кемі 10 мыңнан басталады.
Осылайша бүгінде, қай құжаттың шын, қайсы жалған екенін ажырату өте қиынға соғатын болған. Өйткені айнытпай етіп жасайды. Десе де желідегі жарнамаларды былай қойғанда, халық арасында қаладағы кеңселерден де мұндай жалған құжаттарды рәсімдеуге болады деген әңгіме де бар.
Қалай болғанда да, жалған құжат абырой емес, атақ әкелмес. Оны жасағандар да, сатып алғандар да, бірдей жауапкершілікке тартылады. Алайда, жазасы тым жеңіл. Бас бостандығынан айырмайды тек шектейді немесе айыппұл салады. Оның да соммасы көп емес.  Мұндай пысықайлардың көбейіп, қызметтерін қорықпай жүргізіп жүргендері де содан болар.

stan.kz

29 қараша 2019 ж. 375 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930