Ақылыңызды арттыратын хобби түрлері
Спортпен шұғылдану Спорттың денсаулыққа аса пайдалы екенін бәрімізі білеміз. Ал сіз оның ми жұмысын арттыруға да пайдалы екенін біліп пе едіңіз? Үнемі спортпен айналысатын адам бұрын көрген нәрсесін екінші көргенде бірден тану қабілеті күшейеді. Мысалы көбі бір келген жерін жаттай алмайтын болса, сіз бір рет барған жеріңізді келесі жолы жазбай танып, тауып аласыз. Мидың нейротрофикалық факторы – ақуыз бөлініп, есте сақтау қабілеті жақсарады. Йогадан жүгіруге дейін физикалық жаттығудың кез келген түрін таңдауға болады, бастысы өзіңіз жалықпай, қызықғушылықпен айналысатын түрі боланы жөн. Музыкалық аспапта ойнау Бұл жағымды іс болуымен қатар, жай ғана музыка әлемін танып қоймай, біраз пайдасын көресіз. Когнитивтік қабілет, академиялық үлгерім күшейеді. Үйде кішкентай бала болса, оның жанында аспапты ойнасаңыз, нәрестенің тілі тез шығады, ерте жүреді, ерте дамып-жетіледі. Мұғалімнен сабақ алып не өзіңіз үйренсеңіз де болады. Дұрысы бала кезден өзіңіз қызығатын аспапта ойнауды қолға алыңыз. Видеоойындар Видеоойынның барлығы бірдей біз ойлағандай жаман емес. Оның ішінде миды жаттықтыратын түрлері де бар. Ақпаратты аз уақыт болса да жадта сақтау қабілеті артады. Стратегиялық жоспар құру, шапшаңдық секілді қасиеттердің барлығын адам осы ойындар арқылы игеруі мүмкін. Өзіңізге ұнаған ойын түрін таңдаңыз, тек одан бас ала алмай, 24 сағат бойы отырып алмасаңыз болғаны. Тіл үйрену Шет тілдерін үйрену шетелге шығу үшін ғана қажет болмайды. Тіл үйренсеңіз мидың қартаю процесін баяулатуға болады. Бірнеше тіл игерген жан күрделі тапсырмаларды басқаларына қарағанда оңай әрі тез шешеді. Екі тіл білетін адам бір істен екінші іске дереу көше алу қабілетімен ерекшеленеді, істі жоспарлау, шаруаны басқару олар үшін түк те емес. Қазір қолыңызда интернетке қосылған құрылғы босла болды, тіл үйренуде ешқандай мәселе тумайды. Оқудың ақылы түрі де, тегін түрі де жетіп артылады. Кітап оқу Кітап оқысаңыз, сөздік қорыңыз артып, тіл байлығыңыз молаяды. Басқа қандай пайдасы бар? Күнделікті кітап оқуды әдетке айналдыру мидың сол жақ бөлігі жақсы дамуына кепіл болады. Оқу – ой мен әрекеттің арасындағы нейронды байланысты күшейтеді. Егер көлік жүргізу нұсқаулықтары жазылған ақпаратты оқысаңыз, рөлге отырған кезде оқыған нәрсеңіз бірден ойға түседі.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/59895/