» » Өндіруші шығарған күнін өзгертті: денсаулыққа қауіпті тұшпара Ақтаудағы дүкендерден алынады

Өндіруші шығарған күнін өзгертті: денсаулыққа қауіпті тұшпара Ақтаудағы дүкендерден алынады

пельмен

Ақтауда тағам өнімдеріне тексеру жүргізу барысында «Прима говяжьи» тұшпарасынан сальмонелла табылды. Өнім тоқтатылды, материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, қызмет көрсету бөлімі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру жүргізуге қала тұрғыны себеп болған. Ол өндірушілердің мерзімінен өтіп кеткен өнімдерді сататыны туралы шағым түсіріпті. 
Осыдан кейін Басқарма мамандары азық-түлікті көтерме сақтау қоймасына «Ақтау Frost» ЖШС-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.
«Тексеру барысында фактілер расталды. Тексеру кезінде кәсіпкердің өнімдерін қайта өңдеп, шығарылатын күнін өзгертетіні анықталды. Сондай-ақ, санитарлық эпидемиологиялық талаптар сақталмағаны да көрсетілді. ЖШС басшылығы инспекторға дератизация, дезинсекция және дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге келісімшарт ұсынбаған, өндірісті бақылау жүргізілмеген. Тексеру кезінде өнімге лабораториялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. «Прима говяжьи» тұшпарасынан сальмонелла анықталды. Барлық сауда өнімдерінен тұшпара алынып тасталынды», - дейді Департамент баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, баспасөз қызметі тексеру барысында анықталған фактілер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің бұзылғанын да атап өтті. Кәсіпорынның нұсқауы орындалғаннан кейін, жоспардан тыс тағы тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. 


stan.kz

03 желтоқсан 2019 ж. 390 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031