» » "Сендер үшін мен ұялып, мен күйіп-пісемін": Ішкі істер министр қол астындағы қызметкерлерін сөкті

"Сендер үшін мен ұялып, мен күйіп-пісемін": Ішкі істер министр қол астындағы қызметкерлерін сөкті

Алматыметроқұрылыс

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қол астындағы қызметкерлерін Нұр-Сұлтандағы қарапайым алаяқтық әрекеттінің шешімін таба алмадыңдар деген сөгіс жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Министр "Nur-Otan-ның" елордалық филиалында өткізген кездесу барысында әлі қанша адам өзімен кездескісі келіп күтіп тұрғаны жайлы сұраған. Дегенмен өзінің шағымын жеткізуге келген тұрғындар, кездесу уақыты бітсе де, министр қабылдауын күтіп тұрған көрінеді. Бұл жағдайға байланысты Тұрғымбаев мемлекет аумағында болып жатқан соттың барлығына да араласа алмайтындығын жеткізді. 
"Мінеғ осымен төрт адам қалды. Басқаларының шағымы бойынша сот шешімі шығып қойған. Бір жиһаз ұйымы бірнеше адамды алдап кеткен. Нұрқаев (Нұр-Сұлтан қалалық ПД басшысының орынбасары), саған айтамын. Бұл қарапайым алаяқтық қой. Прокуратурамен келісіп шешімді өзгертіңдер. Алаяқтық жасағаны үшін сотталсын, оның мүлкіне тыйым салынсын", - деді Тұрғымбаев. 
"Күнде бір арыз келіп түседі. Біреуді жиһаз ұйымы, біреуді үйді жалға беруші не сатушы алдап кетіп жатады. Бұл үшін жаза тағайындалатын болсын. Ең бастысы, ақшасын алып алған ғой. Заңсыз ақша алынса, бұл үшін жауап беру қажет. Оның шығынын өтеу қажет. Керек болса жазаны күшейтіндер. Қарапайым қылмыстық істер. Неге бұл жағдайлар үшін мен ұялып, менің күйіп-пісуім керек? Маған тіпті арықтап кетіпсің ғой деп жатады. Менің түрім шынымен жаман жаққа қарай өзгеріп кетті", -деп қосты министр. 

stan.kz

05 желтоқсан 2019 ж. 384 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031