» » Қызылордада "109" және "112" жедел әрекет ету орталығы ашылды

Қызылордада "109" және "112" жедел әрекет ету орталығы ашылды

Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың  қатысуымен «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі «109» және «112» қызметтерінің ресми ашылуы ұйымдастырылды. Орталықтың ашылуна ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Есенұлы да қатысты.

 Жоба аясында "101", "102", "103" жедел желілері қосылып, бір жүйе "112" байланысына біріктірілген. Шұғыл қызметтердің барлық автокөлігі GPS жабдықталған. Енді шұғыл қызметтердің барлық шақырулары бірыңғай "112" нөмірі бойынша қабылданады. Бұл бірыңғай жүйенің мониторингі шақырушы тұлғаның мекен- жайын көрсетуге, орналасқан жерге жақын экипажды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, өтініш берушіге келудің оңтайлы картасын, жолын ұсынады. Осы жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігі бір терезе қағидаты бойынша жедел қызметтерді шақыруды ұйымдастыру және  шақыруларды қабылдау мен өңдеу уақытын 30% қысқартуды көздейді. Сондай-ақ,  "102" қызметінің әрекет ету уақыты - 5 минутқа дейін, "103" қызметін - 8 минутқа дейін қысқартып, сапалы қызметті ұсынуға бағытталған. Бұл ретте шақыртылған қоңырауларға қызмет көрсетуді бақылау тиімділігі 25% артып, жалған шақырулар саны 45% қысқарған.
 Сонымен қатар,  ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік органдардың халықпен тиімді байланыс механизмдерін орнату бағытында "109 - бірыңғай байланыс орталығын" құру жұмыстары басталды. Бұл жүйе арқылы қаланың инфрақұрылымына қызмет көрсету үдерісіне тартылған барлық коммуналдық қызметтерді: жылу, электр, сумен жабдықтау, су бұру, қоқыс, люктер, жол шұңқырлары, қоғамдық көлік мәселелері біріктіріледі. Енді, тұрғындардан келіп түсетін барлық өтінім "109"  бірыңғай нөмірі бойынша қабылданады. Оператор жүйеге өтінімді енгізеді, ол оны автоматты түрде осы мәселені шешуі тиіс ұйымға жолдайды. Бұған дейін қала тұрғындары кем дегенде 24 коммуналдық және авариялық қызмет ұйымдарының, 40 облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің телефон нөмірлерін білуі қажет болса, енді қәзіргі уақытта "109" нөмерін терсе болғаны, коммуналдық салаға қатысты барлық шағымы тыңдалып, өтініші орындалады.  "109" бірыңғай байланыс орталығының функцисы  өтінішті телефон арқылы ғана емес, сонымен қатар барлық әлеуметтік желілермен қабылдайды.
 "Аталған  "109", "112" нөмерлеріне келіп түсетін шақыртуларды талдау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу,  облыс әкімдігінің "Ахуалдық орталығы" жүйесімен біріктірілген, онда бақылау және шешімдер қабылдау процесіне, әсіресе ірі коммуналдық апаттар, жол-көлік оқиғалары, су тасқыны жағдайлары, дауылдар және басқа да табиғи құбылыстар кезінде жылдам көмек көрсетуге септігін тигізбек.
Цифрлық технологияларды қолдану бізге тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді",- деді облыс әкімі.

syrboyi.kz
08 желтоқсан 2019 ж. 391 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930