Қазақстанда жаңа агенттік құрылады
Агенттік жақында ғана қайта құрылған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жанынан ашылады.
Қазақстанда жеке мәліметтерді қорғау агенттігі құрылады. Бұл туралы үкіметте өткен брифинг барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта кибер қауіпсіздік мәселесі өте өзекті. Ал азаматтардың мәліметтерін қорғау – мемлекеттің міндеті.
Вице-министр жаңа агенттікті ақпарат қауіпсіздігі комитетінің базасында құру жоспарланып отырғанын айтты.
"Ол азаматтардың ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мәліметтерді сақтау жұмысын жетілдіреді", - деді вице-министр.
Министрліктегілер агенттік барлық мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектормен байланыста болатынын айтты.
Айта кетсек, екі күн бойы қазақстандықтар интернетке шығатын барлық құрылғыға жаңа қауіпсіздік сертификатын орнату мәселесін талқылап жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде бұл тұрғындардың жеке мәліметінің жарияланып кетпеуі үшін жасалып отырған шара екенін айтты.
sputniknews.kz