» » Қазақстанда жаңа академия құрылады

Қазақстанда жаңа академия құрылады

Киберқауіпсіздік академиясы жұмыс істейтін болады


ÒазаÒÑÑанда жаңа Ð°ÐºÐ°Ð´ÐµÐ¼Ð¸Ñ ÒÒ±ÑÑладÑ

Академияны «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы аясында ашу жоспарланған, деп жазады ҚазАқпарат. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Тимур Шәймергеновтың айтуынша, жаңа академияда киберқауіпсіздікке үйретеді. Осыған орай, әлемнің жетекші компанияларымен әріптестік байланыс орнату шаралары атқарылуда.

«Қазіргі кезде біз киберқауіпсіздік академиясын құру бойынша ұйымдастыру-құқықтық мәселелерді зерделеп жатырмыз. Осы жұмысқа мықты компаниялар тартылады. Олардың ішінде Түркия, Израиль және Ресей компаниялары бар. Академия мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жұмыс істейтін болады», - деді Т.Шәймергенов ҚР Парламент Сенатында өткен жиында.

Оның айтуынша, биыл өнеркәсіптік киберқауіпсіздік бойынша ұлттық орталық құрылған болатын. Аталған құрылым Transtelecom-мен бірлесіп жасалды. Оның негізгі мақсаты - стратегиялық маңызы бар нысандардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Дәл осы орталықтың негізінде киберқауіпсіздік академиясы да жұмыс істейтін болады. Сол жерде жекеменшік және квазимемлекеттік салалар үшін кәсіби киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға болады», - деп атап көрсетті Т.Шәймергенов.

ERNUR.KZ
05 желтоқсан 2018 ж. 497 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930