» » ҚЫЗЫЛОРДАҒА РЕСЕЙ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ҚАЙТЫП КЕЛМЕК

ҚЫЗЫЛОРДАҒА РЕСЕЙ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ҚАЙТЫП КЕЛМЕК


452 қызылордалық  студент Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Федерациясы Үкіметінің қаражаты есебінен білім алып жатыр. Алғашқы 75 бітіруші түлек шілде айында диплом алып, елге қайтып келеді. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін тапты.
Ресей университеттері түлектерін жұмыспен қамту мәселелері бойынша мәжілісті ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты.
«Қызылорда облысы – жыл сайын Ресей Үкіметінің гранттары есебінен жетекші техникалық университеттерде түлектерін оқытатын бірден-бір аймақ. 2014 жылдан бастап Мәскеу және Санкт-Петербургтің оқу орындарына облысымыздың 452 мектеп бітірушілері оқуға түсті. Биыл олардың алғашқы легі оқуын аяқтайды. 62 студент диплом алып, Қызылордаға қайтып келеді, ал 13 магистратураға түсіп, оқуын жалғастырмақ. 62 түлекті жұмысқа орналастыру мәселесі де пысықталуда. Бұл балаларға үлкен үміт артып отырмыз, өйткені олар аймақтың жағдайын өзгертіп, қазіргі заманның талабына сай бәсекеге қабілетті маман болады», - деді аймақ басшысы.
Алғашқы 75 түлектің ішінде Мәскеу болат және қорытпалар институтының 13 түлегі магистратурада оқуын жалғастырса, 62 адам туған қалаға қайтып келеді. Олар – «Мәскеу болат және қорытпалар институты» ҰЗТУ (МИСиС) Санкт-Петербург өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық университетінің «нанотехнология және микрожүйелі техника», «технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру», «материалтану және материалдар технологиясы», «электроника мен наноэлектроника», «металлургия», «стандарттандыру және метрология», «технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар», «жылу энергетика және жылу техникасы» және т.б.
Мәжіліс барысында жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысының м.а. Абылайхан Сабанбаев пен индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Султангереев түлектерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша баяндама жасады.
Қазіргі таңда студенттердің түрлі мәселелерін шешу үшін Ресейдегі қызылордалық студенттерінің «Орда» қауымдастығы құрылып, мессенджерде арнайы чат ашылды, жастар үшін облыс кәсіпорындарына экскурсиялар мен жұмыс берушілермен бейресми кездесулер ұйымдастырылды.
Өңірдің бірқатар кәсіпорны түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын. Олардың басшылары жиын барысында оны растады. Мәселен, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясы 11 жас маманды жұмысқа қабылдамақ, «Гежуба Шиелі Цемент» 8 адам алуға ниет білдірді, сондай-ақ, «СКЗ - U» ЖШС, Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» ЖШС, «Абзал және К» ТС, «Қызылорда жарығы» холдингі және өзге де компаниялар қызығушылық білдірді.
Облыс әкімі мамандардың баспана мәселесін де шешіп беруді тапсырды.
Одан бөлек, жыл соңына дейін аймақта 4 ірі кәсіпорын (шыны, молибден және 2 цемент зауыттары мен балық өндеу цехы) іске қосылады. Ринат Султангереевтің айтуынша, бұл кәсіпорындарда жергілікті колледждердің «химия», «энергетика», «стандарттандыру», «материалтану», «автоматтандыру» мамандықтары бойынша 650 жуық түлегі жұмыспен қамтылатын болады. Мәселен, цемент зауытында 200 адам, оның ішінде қазіргі таңда Қытайда оқып жатқан Шиелі индустриялық аграрлық колледжінің 46 түлегі жұмыс істейтін болады.
Мәжілісті қорытындылай келе, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жауапты мемлекеттік органдарға студенттерді өңірдің өндірістік компаниялардағы бос жұмыс орындары туралы уақытылы хабардар етуді тапсырып, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жеке жауапкершілік жүктелгенін ескертті.
Естеріңізге салайық, 2014 жылдан бастап Мәскеу болат және қорытпалар институты,  Санкт-Петербург өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық университеті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті мен И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті қызылордалық түлектерді аймаққа қажетті мамандықтар бойынша оқыту үшін  гранттарды бөліп келеді.
Одан бөлек, сырбойылық жастарды Қазан қаласындағы «Иннополис» университетінде оқыту туралы келісім жасалды, «Сколково» инновациялық орталығымен әріптестік орнату жоспарлануда.
Атап өтейік, биылдан бастап қызылордалық жастар үшін «Киберқауіпсіздік» және «Математикалық процестерді модельдеу» мамандықтары бойныша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасына 20 грант бөлінетін  болады.
Сондай-ақ, жыл сайын облыс әкімінің гранттары есебінен 100 жуық ауылдық жердегі аз қамтылған отбасылардан абитуриенттер білім алып жатыр, қазіргі таңда грант иелерінің саны 700 жуық. Биылғы жылы грант санын 200-ге жеткізіліп, оның 70 пайызы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға  бағытталатын болады.
19 маусым 2018 ж. 819 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031