» » Ауылдар 4G-мобильді байланыспен қамтылады

Ауылдар 4G-мобильді байланыспен қамтылады

Заман талабына сәйкес, Қазақстанның барлық халқын сапалы, үздіксіз және 4G-мобильді байланыспен қамту жоспарланған. Жалағаш ауданында да бұл мәселе жоспарға енгізілген. - Қазіргі кезде Аққыр, Жаңадария, Жаңаталап, Далдабай, Мырзабай ахун, Жаңақоныс елді мекендері сымсыз EVDO байланысы арқылы интернет желісіне қол жеткізді. Дегенмен бұл байланыс түрі пайдаланушылардың интернетке сұранысын қанағаттандырмайды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КаzSat» ғарыштық байланыс жүйесін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ауылдық елді-мекендерді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуді 2021 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Соның ішінде, Жалағаш ауданындағы Мырзабай ахун, Аққұм, Аламесек, Жаңадария, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдарын интернетке «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінің шеңберінде жердегі талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосу, екінші кезеңінің шеңберінде LTE-800 мобилді байланыс желілері арқылы Аққыр ауылы мен Далдабай, Жаңақоныс елді мекендерін интернетке қосу жоспарлануда,-дейді аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев.
 
Сонымен бірге Жалағаш кенті, Ақсу, Бұқарбай батыр, Мәдениет, Таң, Шәменов, Қаракеткен, Еңбек ауылдарын «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңінің шеңберінде «KazSat» сериялы байланыс спутниктері арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арқылы қамтамасыз ету ұсынылып отыр.
12 ақпан 2018 ж. 1 082 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031