» » АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚИЫНДЫҚ ЖОҚ

АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚИЫНДЫҚ ЖОҚ

Бүгінгі таңда аудан орталығында ауыз су жөнінде айтарлықтай қиындық жоқ. 

Халықты таза сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - бүгінгі таңдағы басты назарда тұрған міндеттердің бірі.
2017 жылы Қаракеткен, Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына бюджеттен 521,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Қаралған қаржы 100 пайызға игеріліп, Қаракеткен елді мекенінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының құрылысы 2018 жылы пайдалануға беріледі.

Алдағы жоспарда жоба-сметалық құжаттары әзірленген Мақпалкөл, Аққыр, Жаңадария ауылдық округтерінің ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарының жобасы қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. Осы жобалар қаржыландыруға ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, Жаңақоныс, Далдабай елді мекендерінің ауыз су жүйесін жаңадан салуға жобалау-сметалық құжаттар әзірленетін болады. Оған жергілікті бюджеттен 9,0 млн. теңге бөлінді. 
29 қаңтар 2018 ж. 1 605 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031