АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫН
Бүгін Мырзабай ахун ауылдық округінде аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, ауыл әкімі Б.Нұрмаханов және ауылдық учаскелік полиция инспекторы Е.Жайылхановтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалды.
Аудан əкімі өз есебінде 2018 жылы елді мекенде салық салу базасын ұлғайту, қалыпты саяси-әлеуметтік ахуалды қамтамасыз ету, тұрақты жұмыс орындарын ашуға жұмылдыру мақсатындағы тиісті жұмыстар әрі қарай жалғасын табатындығын айта келе, осы міндеттердің орындалуына ауыл тұрғындары да белсенді түрде атсалысуларын шақырды. Сонымен бірге, биылғы жылы ауыз су жүйесі толық берілетіндігін, ауыл клубы құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, ауылдық емхана құрылысы үшін жер рәсімделіп, облыстық құрылыс басқармасына ұсынылғанын айтып, ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалықпен бөлісті.
Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Кәрімбаев, ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жоспарларға сəттілік тіледі
Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Кәрімбаев, ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жоспарларға сəттілік тіледі