ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ДАМЫТУ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ
Бүгінде электр жүйелерінің дамыған, интернеттің қолжетімді заманы. Әйтсе де, шалғайда орналасып, дамыған заманның мол мүмкіндіктерінен шет қалып жатқан ауылдар бар. Нақтырақ айтсақ, Аққұм, Мәдениет, Бұқарбай батыр, Аққыр, Жаңаталап, Жаңадария елді мекендерінің электр жүйелерін қайта жаңғырту қажет. Бұл үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге қажетті 77,0 млн теңгеге облыстық бюджетке сұраныс берілді.
Сонымен қатар, елді мекендерде 223 тұрғын үй өз беттерінше электр желісіне қосылған. Осы тұрғын үйлерді талапқа сай электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ дайындауға 7,2 млн.теңгеге жергілікті бюджеттен қаржы бөлу қарастырылып отыр. Алдағы уақытта аталған елдімекен тұрғындары сапалытоқ көздерін тұтынып, ауыл көшелерінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі деп ойлаймыз.