» » АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 10 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 10 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ


Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында осы жылы біршама жүйелі жұмыстар жүзеге асады деп жоспарлануда.
Аудан бойынша жалпы ұзындығы 206,5 шақырымды құрайтын 202 көшелердің 66,8 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Осыған орай, аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 8 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, 2018 жылға облыстық бюджетке 191,4 млн теңгеге сұраныс берілді. Бұл жобаның қаржысы бюджетті нақтылау барысында жоспарланатын болады. Сонымен қатар, Мәдениет – Жүргенов – Жаңаталап - Аққыр бағытындағы автомобиль жолының 9,4 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу жоспарланып отыр.
Ал, апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолының бойындағы «Оңтүстік коллектор» көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына  288,1 млн теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 155,1 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі Төле би көшесін күрделі, 71,2 млн. теңгеге А.Ізтілеуова көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттен қаралған 33,3 млн. теңгеге  Жалағаш кентіндегі жалпы ұзындығы 4,6 шақырым құрайтын 4 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар І.Қабылов (1,1 шқ), С.Қалыбаев (1,1 шқ), И.Панфилов (1,2 шқ), Ы.Алтынсарин (1,2) көшелері.   
Биылғы жылы бірінші кезекте аудан орталығындағы көшелерді жөндеу қолға алынады. Осыған орай, Жалағаш кентіндегі 10 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 463,0 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды. Одан басқа Жалағаш кентіндегі 4 көшеге (Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Абай, Сәрке батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленеді. Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін жасалады. Алдағы уақытта жүйелі жұмыстың оң нәтижесін көреміз деп сенеміз.
31 қаңтар 2018 ж. 1 253 2

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 06:36
Vente De Lioresal Cheap Cheap Viagra Zithromax Out Of System levitra on line italia Kamagra Cream Buying Antibiotics Online From The Uk Viagra Genericum Kaufen

Гость Jeaplause от 6 наурыз 2019 07:21
Eaton Amoxicillin Buy Amoxicillin For Pet Without Prescription Bentyl 20mg Website viagra online pharmacy Buy Amoxicillin No Prescription

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031