АУДАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУШЫЛАР ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Бүгінгі таңда ауданда жеке тұрғын үй салушылар қатары артып келеді. Жеке сектор есебінен өткен жылы 85 тұрғын үй, жалпы алаңы 9937 шаршы метр пайдалануға берілсе, бұл көрсеткіш өз кезегінде былтырғы жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға артып отыр.
Жалағаш кентінде жер алуға 1975 отбасы кезекте тұр. Бүгінгі күні инфрақұрылым жүргізіліп «Дәуімбай» учаскесінен 315, «Береке» учаскесінен 125 отбасыларына жер берілді. Алайда, жер телімдер осыдан екі жыл бұрын берілсе де, қазіргі таңда тек 28 отбасы ғана тұрғын үй салды.
Осы тұста тұрғындарға ескеретін жайт, үш жыл ішінде берілген учаскеге құрылыс жүргізілмесе, бұл жерлер қайта мемлекеттің меншігіне алынып, отбасы тұрғын үй кезегінен алынып тасталады.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылы «Ақтерек» учаскесінде 170 гектарға 750 кезекте тұрған отбасыларын орналастыру үшін егжей-тегжейлі жоспар дайындалып, инфрақұрылым жүргізуге тапсырыс берілген. Бақылау нәтижесімен кенттегі 28 көп пәтерлі тұрғын үйдің 19-на күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі анықталып отыр. Оның ішінде 13 көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 2014 жылы 2 көппәтерлі тұрғын үйге (Жамбыл көшесі №4, Қазыбек би көшесі №2), 2017 жылы 2 көппәтерлі түрғын үйге (Қазыбек би көшесі №48, Қазыбек би көшесі №52) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы да 2 көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Пікір 3