"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы - алғашқы жылдың қорытындысы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының Қазақстандағы іске асырылуының алғашқы жылы аяқталды, деп хабарлады primeminister.kz.
Бағдарламаны әзірлеушілер айтып өткендей, Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты мемлекеттік тұрғын үй құрылысына қатысуын азайту болып табылады.
"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының бағдарламасында басымдықтар тікелей қаржыландырудан бюджеттен тысқа ауысты. Бағдарламаның тетіктері жеке инвестициялар тартуға, бизнесті қолдауға және ипотекалық несиелендіруге, тұрғын үй қарыздары сияқты халыққа қолжетімді қаржы құралдарын ұсынуға бағытталған.
Бағдарламаға бөлінген мерзім аз емес - ол 15 жыл бойы жүзеге асырылады. 2031 жылға дейін елде 1,5 млн отбасына тұрғын үй салу күтілуде. Жыл сайын шамамен 100 мың адам қоныс тойын тойлайды.

- арендалық тұрғын үйдің 45 мың пәтері (2,2 млн м²);
- несиелік тұрғын үйдің 245 мың пәтері (12 млн м²);
- СҚЖМҚ, БД, ҚИК 46 мың пәтері;
- 600 мың жеке тұрғын үй (60 млн м²);
- 64 мың коммерциялық пәтер (оның ішінде субсидияланған ипотека есебінен 8 мың пәтер).
2017 жылы жалпы алаңы 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, ол 2016 жылдың ұқсас кезеңіне 106,2%-ды құрады. Ал 2017 жылғы жоспарға орай (10,1 млн ш.м) тұрғын үй енгізу пайызы 110,4%-ды құрады.
Статистика комитетінің 2017 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын ала мәліметтері бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, ол 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 106,2%-ды құрайды. Ал 2017 жылғы жоспарға орай (жоспар 10,1 млн м²) тұрғын үй енгізу пайызы 110,4%-ды құрады.
Тұрғын үйлердің басым бөлігі - 9,4 мың м2 немесе 83,9% - жеке үй салушылармен және халықпен пайдалануға берілген. Жалпы республика бойынша 100 812 тұрғын үй бірлігі пайдалануға берілді, олардың - 27 908 жеке үй (4,3 млн м²) және 72 904 КТК-дағы тұрғын үй (6,9 млн м²).
Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемдерінің артқаны республиканың 15 өңірінде байқалып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға берудің айтарлықтай өсу қарқыны БҚО-да (42,4%), ОҚО-да (36,2%), Қостанай облысында (35,6%), Павлодар облысында (31,2%), Ақтөбе облысында (28,5%), Жамбыл облысында (24,9%), СҚО-да (21,8%), Маңғыстау облысында (17,6%), Ақмола облысында (16,9%), Қызылорда облысында (12,6%) байқалып отыр.
Тұрғын үй құрылысына 979,8 млрд теңге инвестиция немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6% бағытталды, олардың 153,9 млрд теңгесі мемлекеттік инвестициялар.
Мемлекеттік инвестициялар есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 1 427,4 мың м² (24 159 пәтер) жоспар кезінде 1490,9 мың м² (25 095 пәтер) немесе жоспарға 104,4% құрады.
Жалпы бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылының қорытындысы жақсы нәтиже көрсетті. Несиелік тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіштер асыра орындалды (жоспарға 102,6% 986,3 мың м²) және коммерциялық тұрғын үй (жоспарға 104,7% 291,1 мың м²). ЖТҚ-мен салыстырғанда көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру үрдісі байқалып отыр.
2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 10,5 млн астам м² немесе 100 мыңға жуық тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз ету жоспарланған.