» » Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №349 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Стандарттарына сәйкес, Әділет органдары заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:
      1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу»;
   2) «Заңды тұлғаларды мемлкеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу»;
     3) «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу»;
     4) «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару».
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу үшін  Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылады:  Мемлекеттік мекеме: мемлекеттік мекемені құру туралы шешім; ереже (жарғы); заңды тұлғаларды мемлкеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат. Мекеме: мекемені құру туралы меншік иесінің шешімі; ереже (жарғы); құрылтай шарты немесе ұқсас келісім (меншік иелері (құрылтайшылары) бірден көп болған кезде; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу үшін  Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылады:  өтініш, заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелері) үш данасы, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің төлнұсқалары, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылады:  өтініш; заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме; заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы; заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары; орналасқан жерін растайтын құжат (орналасқан жері өзгертілген жағдайда);
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті
есептік тіркеуден шығару үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылады:   өтініш; (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлға органының шешімі; заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың наразылықтар мәлімдеуі тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат. Наразылықтар мәлімдеу мерзімі, банкроттық жағдайларын қоспағанда, таратылғаны туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеуі тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі тиіс; облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты; заңды тұлға мөрінің жойылғаны туралы құжат; коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуды тіркеу үшін және олардың филиалдары мен өкілдіктерінің есептік тіркеуден шығару үшін төленетін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат, немесе кіші және орта кәсіпкерліктің субъектілерін қоспағанда "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына төлем төленгенін растайтын құжат, заңды тұлғаның құрылтай құжаттары.

Жалағаш аудандық Әділет басқармасы
10 желтоқсан 2019 ж. 692 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930