Қазақстанға Байқоңырдағы жердің бір бөлігі қайтарылады
Сенаторлар Байқоңырдағы жердің бір бөлігінің Қазақстанға қайтарылуын қарастыратын заң жобасын қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Заң күшіне енген соң аталған аумақ елімізге қайтаруылуы тиіс.
Қазақстан билігі бұл жерлерде жолдың («Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің бөлігі»), теміржолдың (Қазақстанның оңтүстік астанасы мен Ресей астанасын жалғайтын), газ құбырының (Бейнеу-Шымкент желілік бөлігі) құрылысын бастауды, сондай-ақ Қызылорда облысындағы Төретам елді мекенін дамытуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ жалға беру ақысы өзгертілмейді. Оның мөлшері 118 млн долларды құрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында "Байқоңырды" жалға беру келісіміне өзгерістер енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.
Сол кезде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қайтарылған жерлерге руспубликалық маңызы бар нысандар салынатынын атап өткен.