» » Көп балалы отбасылардан мемлекет кейін пәтерді тартып алуы мүмкін бе? Вице-министр жауап берді

Көп балалы отбасылардан мемлекет кейін пәтерді тартып алуы мүмкін бе? Вице-министр жауап берді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Мәжіліс кулуарында көпбалалы отбасыларға бірінші кезекте жалға берілетін баспанамен қалай қамтитытын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

dom

Журналистер вице-министрден көпбалалы отбасыдағы балалар өсіп, ата-анасы жалғыз қалып қойғанда олардан пәтерді алып қоя ма деп сұрады. 
"Ешкім алып қоймайды. Олар сонда тұрады. Бұл сатып алу құқығынсыз жалға алуға берілетін үйлер. Сол себепті олар сол жерде тұрады. Оларды ешкім қуып шықпайды", - деп жауап берді Өскенбаев.

Оның айтуынша, жалға берілетін үйде тек көпбалалы отбасының мүшелері ғана тұра алады. 

"Тек ата-аналары тұрады. Бірақ туыстары, жақындары тіркелмес үшін тек отбасы мүшелері тұрады деп жазылған. Сол себепті балалар мен ата-анасының ЖСН-дері тіркеледі. Ал қалғандары ол үйде тұра алмайды", - деп түсіндірді вице-министр.
 
Өскенбаев жалға берілетін баспананың бір шаршы метрінің құны 115 теңге болатынын айтты. 

"Қазір аймақтарда баға ара-қатынасы белгіленбеді, бірақ баға ауылдық немесе қалалық жерлерді есепке ала отырып қойылады деп өзгерістер енгіземіз. Белгіленген баға қалады, өзгермейді", - деді ол.
24 сәуір 2019 ж. 591 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930