» » Баспана мәселесіне қатысты жақсы жаңалық айтылады - Қайырбек Өскенбаев

Баспана мәселесіне қатысты жақсы жаңалық айтылады - Қайырбек Өскенбаев



«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII сьезі қарсаңында мемлекеттік қызметтің жаңа форматын қалыптастыруға арналған панельдік сессия өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Сессия кезінде өңірлерден келген делегаттар баспана мәселесін көтерді. Атап айтқанда, пәтер кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар қойылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, ертеңгі сьезде баспана мәселесін шешуге қатысты бірқатар жаңалықтар айтылады.
«Ертең сьезде де осы мәселе көтеріледі. Сол кезде жақсы xабар естисіздер. Қанша қаражат бөлініп, қанша адамның баспана мәселесі шешілетіні айтылады», - деді Қ.Өскенбаев мемлекеттік қызметтің жаңа форматын қалыптастыруға арналған панельдік сессияда.

Жағымды жаңалыққа қатысты ақпаратпен бөлісуді сұраған журналистерге Қ.Өскенбаев: «Президенттің өзі айтады», - деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі барлық қазақстандықтарды баспанамен қамтуға қажетті қаражаттың сомасын жариялады.  
«487 мың адамның мәселесі біржола шешуге, дәл қазір 4 триллион 887 миллиард теңге керек болып тұр. Оның инфрақұрылымы 20 пайыз. Сонда кезекті тұрған азаматтардың баспана мәселесін бірден шешу үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттен 6 триллион теңгедей ақшаны қазір қолма-қол жұмсау қажет», - дейді Қ.Өскенбаев.




https://kyzylorda-news.kz
27 ақпан 2019 ж. 745 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930