Арендалық баспананы тарату мерзімі туралы айтылды
ҚР Қоғамдық даму министрі Дарxан Кәлетаев республикалық маңызы бар үш қалада жастарға арендалық баспананы тарату мерзімі туралы айтты, – деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, осы айдың аяғына дейін аталған бастаманы іске асыру тетіктерін әзірлеу көзделіп отыр. Қазіргі кезде тұрғын-үй саласына жауапты меморган - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігімен талқылау шаралары басталды. «Жастарға арналған пәтерлер биыл таратылады. Енді, оны біз емес, жергілікті атқарушы органдар береді. Біз нақты талаптарын әзірлейміз. Ағымдағы жылы үш қалаға, шамамен, 1 мың пәтер бөлінеді. Бұл - Президенттің тапсырмасы. Сонда Астана, Алматы мен Шымкенттің әрбіреуіне 300-ден астам пәтер келеді», - деді Д.Кәлетаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Оның сөзіне қарағанда, биыл жастарға арналған типтік тұрғын үйлерді салып шығу мүмкін емес. Оған қоса, арендалық баспананың ауданы 40-50 шаршы метр болады деген жоспар бар. Сол себепті әкімдіктер әзірше дайын үйлерді сатып алады да, жастарға таратады. Одан кейін типтік нысандарды салу жоспарланған. «Әзірше, арендалық төлемнің көлемі 10-12 мың теңге болса екен деп отырмыз. Бұл - алдын ала есеп. Сосын коммуналдық төлемдер тағы бар», - деп атап көрсетті Д.Кәлетаев.
Айта кетейік, күні кеше Сенатта өткен жиында министр Кәлетаев жастарға пәтер беру шарттарын жариялаған болатын. «Бірінші параметр бойынша 29 жасқа дейінгі деңгей айқындалды, себебі заңнамаға сәйкес, жастар санаты 29 жасқа дейін белгіленген. Екінші параметрге тоқталсақ, жастар міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс», – деді Д.Кәлетаев.
Аталған тапсырманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылуында жариялаған болатын.