» » Өскеменде сауда үйінің еденіне төселген құлпытастар: Қылмыстық іс тоқтатылды

Өскеменде сауда үйінің еденіне төселген құлпытастар: Қылмыстық іс тоқтатылды

Өскемендегі марқұмдардың бейнесі бар құлпытастарды сауда үйінің еденіне төсеген туралы факті бойынша тексеріс ісі аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы ШҚО-ның ПД мәлімдеді. Полиция қызметкерлерінің сөздерінше, аталған іске қатысты ҚР ҚК-нің 294 "Вандализм" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілген.Тергеу қорытындысы еден тақтайшаларына тапсырыс берген және сауда орталығының директорының қылмыстық ойы болмағандығын анықтапты. 
"Тергеу барысында еденді орнатуға дұрыс көңіл бөлінбегендігі анықталды. Тапсырыс беруші тарап келген тақтайшаларға назар аудармай, оны қабылдай салған. Бұған қоса ол еденге не төселіп жатқандығына қарамаған. Дегенмен ұйым басшылығы мен тапсырыс берушінің ойында қылмыстық әрекет болмағандығы анықталды", - деді ПД-нің басшысының орынбасары Елдос Закимова. 
Осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылған көрінеді. Жәбірленуші тарап бұнымен келіскен көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, Өскемендегі сауда орталығының едені жұрттың үрейін ұшырғаны айтылған еді. Бұл жағдайдан кейін қала тұрғыны шағымданып, аталған іске байланысты тергеу басталды. 

stan.kz

13 желтоқсан 2019 ж. 348 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930