Марқұмдар бейнесі: Өскемендегі сауда орталығының едені жұрттың үрейін ұшырды

Ашылу салтанаты алдында еденді жуған кезде шалқасынан түсе жаздапты. Төселген гранит тастың құлпытас екенін, марқұмдардың суреті мен дініне қарай ойып жазылатын бедерлі суреттерден білген.
Енді сауда үйінің иесі құрылысшылардан жұртты шошытқан тастарды қайтадан өңдеп, бояп тастауды талап етпекші. Өйткені ол ескерткіш тастардың жарамсыз қалдықтары екен. Құрылысқа пайдалануға ғимарат иесі оны шеберханадан сатып алған.
"10 жылдай болған қалдықтар қоқыс болып үйіліп қалған. Үлкен құрылыс нысанын саламыз деп түгел артып алып кетті. Еденді салған басқа компания екен. Олар еденге қолданарда іріктеп, сұрыптауы керек еді", - дейді шеберхана директоры Владимир Козырев.
stan.kz