» » Орынсыз қалжыңның соңы

Орынсыз қалжыңның соңы

Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын айтып, ішкі істер органдарына жалған ақпарат берген 51 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

.Айта кетсек, осы жылдың сәуір айында сотталушы әйел «Сокол» сауда үйіне жарылғыш қойылды» деп хабарлап жұртты дүрліктерген болатын. Жалған хабарламаның кеселінен қаладағы барлық күш құрылымдары жұмылып, халықты қауіпсіз жерге көшіріп әуреге түскен. Ақыры аталмыш сауда үйінен бомба табылмады. Көп уақыт өтпей жалған хабар беріп қоңырау шалған адам ұсталды. «Сот үкімімен 51 жастағы сотталушы бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада. Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері облыс аумағында дәл осындай 7 жағдай тіркелген. Әсіресе, мұндай орынсыз қалжыңның нысаны ретінде адамдар көп жиналатын орын таңдалатын көрінеді.
05 қыркүйек 2018 ж. 810 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031