Шымкентте экс-футболшы қайырымдылыққа ақша жинап, өз қажеттілігіне жұмсаған
«Ордабасы» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Эльдар Бақтығалиевқа қатысты сот үкімі шықты. 26 жастағы экс-футболшы аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотты болып отыр.
Ол өзін облыс әкімдігінің қызметкері ретінде таныстырып аудан әкімдері мен түрлі мекеме басшылығынан қайырымдылыққа деп ақша жинаған. Алайда ақшаны өз қажеттілігіне жұмсапты. Алаяқ экс-футболшының алдауына 11 жәбірленуші түскен. Сөйтіп бас аяғы 1,5 млн теңгеге жұртты тақырға отырғызып кеткен.
Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленушілерден алдап алған ақшаны ішінара қайтарған. Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы футболшыны 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот Эльдар Бақтығалиевті ең төменгі жаза 3 жылға соттады. Жазасын орта қауіпсіздікті мекемеде өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

stan.kz
Пікір 1