» » Анасын өлтіріп бас бостандығынан айырылды

Анасын өлтіріп бас бостандығынан айырылды


Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дәрменсіз күйдегі анасын өлтірген 26 жастағы жігітке айыптау үкімі жарияланды.
Өткен жылдың желтоқсанның 29 күні түнгі 23.00 шамасында сотталушы азамат жиен інісімен арақ ішімдігін ішкен. Ол кеткен соң, көршісімен ащы су ішуін жалғастырған. Одан кейін анасы көршісіне «кеш болды, ұйықтайық» деген соң, ол үйіне кетіп қалған. Сотталушы алкогольді еліту жағдайында көмір бөліп жүрген ағаш сапты балғамен дәрменсіз күйдегі ұйықтап жатқан 2-ші топтағы мүгедек анасының басынан, кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып, теуіп дене жарақаттарын салған. Алған дене жарақаттарынан анасы оқиға орнында қайтыс болған.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

http://syrboyi.kz
28 наурыз 2018 ж. 1 093 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31