» » «Татуласу орталығы» ашылады

«Татуласу орталығы» ашылады


Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде облыстық соттың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істері бойынша өткен жылғы сот төрелігін атқару жұмыстары туралы брифинг өтті. 

Оған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және облыстық соттың судьясы Әділхады Шығамбаев қатысты.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет­тің хабарлауынша, өткен жылы бірінші саты соттарының өндірісіне 2018 қыл­мыстық іс келіп түскен. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,8 процентке көбейіп отыр.
– Қалдықтағы 64 істі қосқанда өндірісте барлығы 2082 қылмыстық іс болған. Оның ішінде 2420 адамға қатысты 1964 қылмыстық іс аяқталған. Сонымен қатар, өткен жылы сыбайлас жемқорлық санатында 71 адамға қылмыстық іс қаралды. Ал, медиация тәртібімен 481 іс шешілген, – деді Б.Қалымбет.
Брифинг барысында азаматтық істер бойын­ша облыстық соттың судьясы Ә.Шығамбаев хабарлама жасады.
Оның ақпаратына сәйкес, өткен жылы сот өндірісіне 32694 талап арыз бен азаматтық іс түскен. Есептік мерзімде 31526 азаматтық іс аяқталған. Облыстық сотта медиация тәртібімен 1239 азаматтық, 504 әкімшілік, партисипативтік рәсім аясында – 68, татуласу келісімімен 86 іс қаралған.
Брифинг барысында Қылмыстық-про­цестік кодексіне енгізілген жаңа­шылдықтар мен Елбасының VII съезінде берген тапсырмалары, Ұлт жос­пары – 100 нақты қадам, «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылатын сот төрелігінің жеті түйіні жайлы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, облыс сотында 13 ақпаннан бастап құрылған «Құқықтық көмек көрсету» орталығының қызметі таныстырылды.
Айта кетейік, алдағы уақытта Жоғарғы сот қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін пилоттық жоба дайындалады. Сотсыз татуласу орталығын ашуды алғаш болып Қызылорда қаласы жүзеге асырмақ. Онда медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, психологтар, сот орындаушылар көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, орталық адамдардың дауларды сотсыз шешу тәсілдерін білу деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

22 ақпан 2018 ж. 1 800 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930