» » ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ОҢ НӘТИЖЕСІН БЕРЕДІ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ОҢ НӘТИЖЕСІН БЕРЕДІ

Қалай айтсақ та, сыбайлас жемқорлық қоғам ішінде кеңінен орын алған, күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге айналды. Дерттің дендегені сонша, соңғы екі-үш жылда жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Осы ретте республика аумағында жемқорлықтың алдын алу үшін көптеген жұмыстар мен тиісті органдар тарапынан іс-қимылдар жүзеге асуда. Бірақ, жүйелі жұмыстар нәтижесінде біздің облыста жемқорлық сипатындағы қылмыстар біршама төмендеген.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлық көріністері 16,6 пайызға азайған. Бұл қылмыстар бойынша 72 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, келтірілген залалдың орындалу көрсеткіші 94,9 пайызды құрап отыр. Жуырда аудандық индустриалды-аграрлық колледжінде зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған комиссия мүшелері жастармен кездесу өткізді. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Мұрат Искаков, аудан әкімдігінің құқықтық бөлім басшысы Ғалым Жаңашев және аталған оқу орнының директоры Ғ.Серікбаев пен студенттер қатысты. Кездесу барысында департаменттің бас маманы Мұрат Искаков студент жастарға білім мен тәрбиені қатар алып жүруді, болашағына балта шабатын қылмыстық әрекеттерден аулақ болуды үндеді. Сондай-ақ, сала маманы Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауына қатысты өз ойын білдіріп, Жолдаудың тоғызыншы бағытына тоқталып, жемқорлықтың қоғамға және жеке тұлғаға алып келетін зардабын түсіндірді.
– Шын мәнінде, әрбір адам жеке басының құқығын білсе, жемқорлық сипатындағы қылмыстар төмендейді. Сіздер ертеңгі мамансыздар. Бұл мәселеге бейжай қарамай, тереңнен ойлап, жаман әдеттерден бойларыңызды аулақ салуға тырысыңыздар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар нәтижесіз болып жатқан жоқ. Қылмысқа қатысушылардың барлығы тиісті жазасын алады. Яғни, пара алушы да, пара беруші де ең төмені 15 жылдан бас бостандығынан айырылуға дейін баруы мүмкін, – деді сала маманы.
Мұнан әрі, колледж студенттері комиссия мүшелеріне сұрақтарын қойып, тақырып аясында өз пікірлерімен бөлісті. Ал, колледж директоры Ғ.Серікбаев өз кезегінде қазіргі таңда оқу орнында бірде-бір тәртібі қиын студенттің жоқтығын айтып, керісінше жастардың оқуға деген ынтасы мен белсенділігін мақтанышпен жеткізді.

Н.АЛМАСҚЫЗЫ.
03 ақпан 2018 ж. 2 035 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930