» » Депутат мал ұрлығын ауыр қылмыстар қатарына жатқызуды ұсынды

Депутат мал ұрлығын ауыр қылмыстар қатарына жатқызуды ұсынды


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Премьер-министрге депутаттық сауалында тиісті мемлекеттік органдарға мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңнаманы толықтыру туралы тапсырма беруді ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қоғамда қылмыстың кейбір түріне қатысты алаңдаушылық көбейіп, заңның әділдігіне деген сенім азаюда. Соның ішінде ең көп көтерілетін мәселе - мал ұрлығына байланысты қылмыстар. Соңғы 2015-2017 жылдары 65 мың мал ұрланған. Осы мерзімде мал ұрлығын жасағаны үшін 50 мыңнан астам адамның жартысына жуығы бұрын ұрлық жасағандар. Осыған қарамастан қылмыстық істі қарау кезінде ақталмайтын негіздер және тараптардың татуласуы бойынша 20 158 қылмыстық іс немесе 40%-дан астамы тоқтатылған. Адамдар қылмыстың бұл түріне қатысты құқыққорғау органдарының іс-әрекеттері мен сот актілерінің тиімділігі, пәрменділігі төмен дейді», - деді ол.

Олардың пікірінше, мәселе қолданыстағы қылмыстық заңнаманың әлсіздігінде.

«Сондықтан ҚР Қылмыстық Кодексінің ұрлыққа қатысты 188-бабының мал ұрлығына байланысты бөлімін саралап, жазаны күшейту бағытында өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек деп есептеймін. Қоғамда мал ұрлығын жасағандардың бостандықта жүруі, оларға бас бостандықтарынан айырудан өзге жеңіл жазаның тағайындалуы мал ұрлығына тосқауыл бола алмайды деген ой қалыптасқан. Қылмыскердің жәбірленушіге келтірген залалды өтеу арқылы жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтату нормасының көлеңкелі тұстары бар. Түгелдей болмағанымен көп жағдайда татуласу тікелей немесе жанама түрдегі қорқыту, үркіту жәбірленуші үшін маңызды факторларға қысым жасау арқылы жүреді», - деді депутат.

Оның айтуынша, малмен күн көріп отырған ауыл адамына әңгіме арасындағы шапқан пішеннің немесе мал қораның өртеніп кетуі мүмкін деген сияқты сөздер шаруалардың басым көпшілігін келісімге баруға итермелейді. Залал көп жағдайда ұрланған малды сатудан түскен қаржы есебінен төленетінін ескерсек ұрлықшы үшін бұл экономикалық ауыртпалық емес.

«Аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан ауыл адамдары тергеу және сот процестеріне бірнеше рет келіп кету қиындығынан қашып бірер бас мал ұрлығы туралы арыз бермейтінін айтты. Олар бұл әрекеттері арқылы қылмысты жасыруға себепкер болатынын біле тұра қылмыскер жеңіл жазамен бостандыққа шығатын болғандықтан, арыз беру машақаты көп уақытты босқа жіберу деген ойда. Ауыл, шалғайдағы елдімекендер тұрғындары үшін мал - дәулет пен байлықтың белгісі емес, күнкөріс тіршілік жасаудың жалғыз көзі. Мал ұрлығы кәсібін мал шаруашылығымен байланыстырған кәсіпкерлер үшін де бұл үлкен мәселе. Мал ұрлығының алдын алу, қылмыстың қайталануын болдыртпау, жазаның әлеуметтік әділеттілінін қамтамасыз ету мақсатында мал ұрлығын ауыр қылмыстар санатына жатқызған дұрыс», - деді Сәрсенбай Еңсегенов.

Осы бағытта ол таяу және алыс шетелдегі қылмыстық заңнаманы зерделеп олардың тәжірибесін ескеру оң нәтиже береді деп санайды. Қырғызстанның Қылмыстық Кодексінде жеке бап барын атап өтті.

«Бақытжан Сағынтаев, тиісті мемлекеттік органдарға мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңнаманы жетілдіру туралы тапсырма беруді ұсынамын», - деді ол депутаттық сауалында.


15 ақпан 2018 ж. 1 007 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930