» » 1143 азаматтық іс қаралып аяқталған

1143 азаматтық іс қаралып аяқталған


Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Шиелі аудандық сотының ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы өтті.


Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы М.Күздеубаев баспасөз қызметін үйлестіруші судья Ә.Түбекбаева, облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі М.Ибрашев, аудандық «Өскен-өңір» газетінің тілшісі Е.Даткенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері А.Бөлебай қатысты.

Өз баяндамасында сот төрағасы М.Күздеубаев 2017 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті. Сот төрағасы М.Күздеубаев сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша Шиелі аудандық сотының өндірісіне 2017 жылдың 12 айында барлығы 178 адамға қатысты 145 қылмыстық ісі қаралып аяқталғанын, 77 қылмыстық іс бойынша 92 адамға үкім шығарылғанын, 61 қылмыстық іс бойынша 76 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын, 7 іс 8 адамға қатысты прокуратураға қайтарылғанын, 44 қылмыстық іс сотталушының жәбірленушімен татуласуына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.

Есепті мерзімде аудандық сотта 1143 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 222 арыз бойынша сот бұйрығы, 764 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған. 97 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 49-ы медиация тәртібімен, 8 азаматтық іс тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен партисипативтік рәсімі тәртібімен дауды реттеу бойынша аяқталып, 49 арыз қараусыз қалдырылған және 268 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.

Аудандық сотта 2017-жылдың 12 айында барлығы 720 тұлғаға қатысты 720 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып аяқталған.

Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесі бойынша сот өндірісіне 1146 талап арыз, яғни сотқа түскен арыздардың 100 % келіп түскен.

Өз кезегінде судья Ә.Түбекбаева «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің қызметі, сот процестерінде дыбыс-бейне жазба қондырғыларын пайдалану, бейнебайланыс жүйесі арқылы істерді қашықтықтан қарау, сотта Ұлт Жоспары 100 нақты қадам аясында атқарылған шаралар жайлы әңгімеледі.

Шара соңында сот төрағасы БАҚ өкілдерінің тарапынан сот әділдігін жүзеге асыру бойынша туындаған өзге де сұрақтарға жауап беріп, бұл шараның сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жүргізілетінін атап өтті.

Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі
16 қаңтар 2018 ж. 1 045 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930