» » Қостанайда ірі сауда орталығында өрт болды

Қостанайда ірі сауда орталығында өрт болды


Бүгін Қостанай қаласындағы MART сауда-ойын-сауық орталығында өрт шықты. Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Бүгін Қостанайда таңғы сағат 05:59 МАRT сауда орталығының жертөлесінде орналасқан «Фармаком» дәріханасында компьютердің жүйелік блогы мен есептегіш жанып, өрт болды. Өрт аумағы 3 шаршы метрді құрады. Қызыл жалынды МАRT сауда орталығының күзет бөлімі өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндірген», – деп түсіндірді департаментінде.
Өрт кезінде сауда орталығының күзетшілерінің бірі зардап шеккен. Бұл ақпарат қалалық ауруханада расталды. Ер адамның қолын 1, 2 жағдайда күйік шалған, енді ол амбулаторлық емделуге жіберіледі.

http://stan.kz

06 сәуір 2018 ж. 1 167 0