Кемеровода өртенген СО-ның күзетшісі: Дабыл жүйесі 3 жылдан бері жұмыс істемейді
Кемеровода өртенген сауда орталығының өрт дабылын сөндіріп тастады деген күзетші сот алдында жауап берді.
Тергеушілердің айтуынша, өрт болған күні Антюшин өрт дабылын өрт басталғанға дейін 15 минут бұрын өшірген, дап хабарлайды Stan.kz, life.ru-ға сілтеме жасап.
Жеке күзет компаниясының қызметкері Сергей Антюшин дабыл батырмасының соңғы аптада ақауы болғанын және жалпы сауда орталығында 3 жылдан бері дабыл жүйесімен мәселе болғанын айтты.
“Бастым, бірақ жұмыс істемеді… Журналға баяндама жаздым, техникалық директор күн сайын келіп, оған қол қояды. Біз әрбір ақау туралы инженерлерге хабарлаймыз“, – деді күзетші.
Антюшиннің айтуынша, өрт болғанда жұмыс орында ешқайда қарамастан, адамдарды эвакуациялауға көмектескен. Ол төртінші қабаттан дабылды естіген, кейін түтін шыға бастаған.
“Мен бірден жұмыс телефонынан 112-ге қоңырау шалдым. Сосын басқа күзетшілерге де өрт баасталғанын хабаарладым”, – дейді Антюшин.
Ол өрт болып жатқан кезде, далаға шығып, үйіне қайтқанын мойындады.
Тергеу нәтижесі бойынша, өрт болған күні Антюшин өрт сөндіру жүйесін бақыламаған, мониторға қарамаған, өрт басталмай тұрып 15 минут бұрын дабылды өшіріп тастаған, 112-ге хабарламаған сонымен қоса адамдарды эвакуациялауға қатыспаған, жәй ғана үйіне кетіп қлғаны анықталған.
http://stan.kz
Пікір 2