» » Министр: Тепсе темір үзетін 30 мыңнан астам ер адам АӘК қаржысына өмір сүруде

Министр: Тепсе темір үзетін 30 мыңнан астам ер адам АӘК қаржысына өмір сүруде

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 30 мыңнан астам ер адам жұмыстан бас тартып, балаларына төленетін атаулы әлеуметтік көмек қаржысына күн көріп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Жаңа заң аясында табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Сонымен қатар, отбасында еңбекке жарамды адамдар болса, оларға жұмыс ұсынамыз. Егер де жұмысқа қабілетті осы адам қызметтен бас тартса, онда АӘК бүкіл отбасына төленбейтін болады", - деді ол.

Осы орайда, министр қолданыстағы заңнамада еңбекке жарамды отағасы жұмыстан бас тарса, бүгінде тек еңбекке қабілетті адамға ғана қатысты әлеуметтік көмек тоқтатылатынын еске салды.
Нұрымбетовтың айтуынша, елімізде ұсынылған жұмыстан бас тартатындар өте көп.

"Елімізде тепсе темір үзетін 30 мыңнан астам ер адам жұмыстан бас тартып, балаларына төленетін атаулы әлеуметтік көмек қаржысына өмір сүруде. Меніңше, бұл жағдай дұрыс емес, ер азамат жұмыс істеуі керек.Атап айтқанда, егер ол жұмысқа тұрса, оның отбасына берілетін АӘК төлемдері жалғаса береді. Жалпы, біз еңбекке жарамды адамдардың жауапкершілігін арттыруды ұсынудамыз", - деді ведомство басшысы.

kaz.nur.kz

13 желтоқсан 2019 ж. 524 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930