» » ШАЙДЫ ҚАЙ КЕЗДЕ ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ?

ШАЙДЫ ҚАЙ КЕЗДЕ ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ?

Аш қарынға шай ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.

✔  Шайды өте ыстық кезінді ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ары қарайғы ас қорыту жолдарын күйдіреді.
Шайды суып қалған күйінде ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін.

✔  Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.
Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. Ол дәрінің күшін жояды.

✔  Тұрып қалған шайды ішуге болмайды. Негізінде, шайлар демдегеннен 20-30 минуттай кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.

✔  Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керісінше, зияны көп. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал одан кейінгісін де 10% пайдалы заттарды ала аласыз.
Көп мөлшерде ішуге болмайды. Әсіресе, қара шайды көп ішу ағзаға зиян. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ащы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болу керек.

✔ Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.

reactor.inform.kz

17 желтоқсан 2019 ж. 446 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930